Қазақстан
1 мин оқу 223

Карантин қоғамның жаңа үрдістерге дайын екенін көрсетті

<p style="text-align: justify;">Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев &laquo;Egemen Qazaqstan&raquo; газетіне берген &laquo;Еліміз бұл қиындықтан шыңдалып шығады&raquo; атты сұхбатында айтты.</p>

«Ерекше атап өтер жайт, карантин кезінде азаматтарымыз оқшаулануға тез бейімделді. Көптеген кәсіпорындар мен мекемелер қызметкерлерін қашықтан жұмыс істеуге көшірді. Қоғамның жаңа үрдістерге дайын екенін осыдан-ақ аңғаруға болады», - деді Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, кез-келген дағдарыс тың бастамаларды туындатады.

«Жалпы, Қазақстанның стратегиялық бағыт-бағдары айқын. Елбасы бұл мәселе жөнінде Қауіпсіздік кеңесінің отырысында нақты атап көрсетті. Кез-келген дағдарыс тың бастамаларды туындатады. Әрине, осы кезеңнен сабақ алып, осал тұстарымызды жетілдіруіміз керек. Егер індет өршіп кетпесе, 11 мамырда төтенше жағдай режімі аяқталады», - деді Президент.

Бөлісу:
Карантин қоғамның жаңа үрдістерге дайын екенін көрсетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар