Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлттық қауіпсіздік тілімізді қадірлеуден басталады
<p style="text-align: justify;"><span lang="KZ">Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіне берген <a href="https://egemen.kz/article/233344-prezident-qasym-zhomart-toqaev-elimiz-bul-qiyndyqtan-shynhdalyp-shyghady">«Еліміз бұл қиындықтан шыңдалып шығады»</a> атты сұхбатында айтты. </span></p>
«Жаңа сын-сынаққа төтеп беру үшін, ең алдымен, ұлттық құндылықтарды қорғай білген жөн. Ана тілімізді, салт-дәстүрімізді, ұлттық сана-сезімді, қоғамдағы татулық пен келісімді, береке-бірлікті сақтай алмасақ, келер ұрпақ бізді кешірмейді. Әсіресе, мемлекеттік тілдің мәселесі өте маңызды. Тіл – ұлттың тұғыры, ұрпақтың ғұмыры. Қазақ тілі қазақты әлемге таныта алады. Халықтың тілі – халықтың төлқұжаты. Мұны әрдайым есте ұстау керек. Біле білсек, ұлттық қауіпсіздік тілімізді қадірлеуден басталады», - деді Президент.