Қоғам
1 мин оқу 202

Әзербайжан шах-палауынан дәм татты

<p style="text-align: justify;">Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Нұр-Сұлтан қаласындағы &laquo;Хазар&raquo; әзербайжан этномәдени бірлестігі мерекені сезінуге мүмкіндік алу үшін әр ұлттың аз қамтылған отбасылары, тыл ардагерлері, жалғызбасты және көп балалы аналарға, барлығы 20 отбасына мерекелік көңіл күй сыйлады. Себетте әзербайжан шах-палауы мен азық-түліктері қамтылды.</p>

Әзербайжан шах-палауынан дәм татты

Акцияны ұйымдастырушылар тізімге сәйкес мерекелік сыйлықтар таратты. Елор­далық ҚХА-ның меценаттары мұқ­таж жандарға үнемі көмек көрсетеді. Бұл жұмысты 2018 жылы Нұр-Сұлтан қала­сының Достық үйінде ашылған «Парасат» қайырымдылық көмек көрсету орталығы үйлестіреді.

Айта кетейік, биыл тек бірінші тоқсанда жалпы сомасы 4 млн 200 мың теңгеге бірқатар акция өткізілді.

Бөлісу:
Әзербайжан шах-палауынан дәм татты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар