Елордада мұқтаждарды қолдау акциясы жалғасуда
<p style="text-align: justify;">Бүгін қалалық еріктілер штабының қолдауымен «Qareket жақсылық жаса» қоғамдық қоры «Орталық Азияның Еуразия» қоры және «Шеврон» компаниясымен бірлесіп қайырымдылық акциясын өткізді, деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.<br /><br /><br /></p>

«Біз біргеміз» акциясына қосыламыз. Осындай күрделі жағдайда тек біз ғана емес, бүкіл әлемде миллиондаған адам қалып отыр. Еңсемізді түсірмеуіміз керек», - деді «Qareket жақсылық жаса» қорының жетекшісі Дина Сырғабаева.
Жобаның мақсаты – әлеуметтік аз қамтылған, көп балалы аналар, жалғыз басты аналар, мүмкіндігі шектеулі адамдар, зейнеткерлер, тыл ардагерлері мен жетім балаларға қолдау көрсету.
Акция аясында барлығы 100 азық-түлік себеті таратылады.
