Аймақтар
1 мин оқу 200
Қостанайда 3 адамнан COVID-19 індеті анықталды
<p style="text-align: justify;">Індетке шалдыққандардың үшеуі де 29 сәуірде Қостанайға оралған «Теңізшевройлдың» вахташы жұмысшылары. Бұған дейін мұнайшылардың ішінде алғаш індет жұқтырған науқаспен байланыста болған 18 адам карантиндік стационарға жабылған болатын. </p>

Жедел ақпарат штабының хабарлауынша, бүгін кезекті талдау қорытындысы оң нәтиже көрсеткен 1972, 1974 және 1978 жылы туған 3 азамат облыстық аурухананың инфекциялық бөліміне жатқызылды. Қазір науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, бекітілген хаттамаға сәйкес емдеу шаралары жүріп жатыр.
Бүгінге дейін облыста 53 адамнан COVID-19 анықталып, 7 адам емделді.
Қостанай облысы
Бөлісу: