Білім
1 мин оқу 740

Білім және ғылым министрі халыққа есеп бермек

<p style="text-align: justify;">Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың халыққа есеп беру кездесуі өтеді. Бұл туралы&nbsp;Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.&nbsp;</p>

Білім және ғылым министрі халыққа есеп бермек

Маңызды жиын 2020 жылғы 4 маусымда сағат 11:00-ге бекітілген. 

Ведомствоның баспасөз қызметі жолдаған жабарламада: 

«Министрге сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды ведомстваның ресми интернет-ресурсындағы арнайы «сұрақ-жауап» бөлімі арқылы жіберуге болады. Кері байланыс орнату үшін байланыс деректеріңізді көрсетуді сұраймыз.

Есеп беру кездесуі министрліктің Facebook және Instagram-дағы ресми парақшаларында, мамандандырылған интернет-порталдарда және БАҚ-та онлайн форматта жүргізіледі.

Сондай-ақ халықпен кері байланыс орнату үшін 1450 қысқа нөмірлі call-орталығы, әлеуметтік желілердегі Министрліктің ресми парақшалары, Telegram-арнасы мен мессенджерлердегі арнайы чаттар жұмыс істейді», делінген.

Бөлісу:
Білім және ғылым министрі халыққа есеп бермек · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар