Қоғам
1 мин оқу 744

Хабарсыз кеткендердің дерегін іздейді

<p style="text-align: justify;">&laquo;Atamnyn Amanaty&raquo; қоғам&shy;&shy;дық бірлестігі Екінші дүние&shy;жүзілік соғыс кезінде Германия жерінде тұтқында қаза тауып,&shy; хабар-ошарсыз кеткен деп са&shy;нал&shy;ған қазақстандық әскери тұт&shy;қындардың тізімін жасап, олар&shy;дың көзі тірі туыстарын іздес&shy;тіру шарасын әрі қарай жал&shy;ғастырады.</p>

Хабарсыз кеткендердің дерегін іздейді

«Екінші дүниежүзілік со­ғыс кезінде Қазақстаннан шақы­рыл­ған 271 мыңнан астам солдат пен офицер хабар-ошарсыз кеткен­дер санатында. Көпшілігінің тағ­дыры күні бүгінге шейін белгісіз, олардың не күйге ұшырағанынан туған-туыстары да сол күйі бей­­хабар», дейді «Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігінің Тө­ра­ғасы Мұрат Молдағалиев.

Сондай-ақ  М.Молдағалиев кез келген адам кез келген уақыт­­та www.stsg.de сайтындағы ке­­ңес­тік әскери тұтқындар базасынан хабар-ошарсыз кеткен солдаттар мен офицерлер туралы ақпарат ала алатынын атап өтті. Сайтты құрған – Германиядағы Дрезден құжаттама орталығы. Мұндай сайттың бар екен­дігін қазақстандықтардың бірі біл­се, бірі білмейді немесе іздеу­шілер қажет ақпаратты іздеу дағдысын меңгермеген болуы мүмкін», деп нақтылады бірлестік төрағасы.

Оның айтуынша, бұдан бұры­нырақ аталмыш ұйым тарапынан облыстардағы Қорғаныс істері жөніндегі департаменттерге 500 әскери тұтқын тізімдері жібе­рілген. «Бірақ жұмыс нәтижесі мар­дымсыз болды», небәрі үш сол­даттың туыстарын табудың сәті түсті.

– Егер сон­дай туыстар табылып жатса, туыстары табылған солдатқа қатысты қосымша ақ­парат жинау мақсатында сол адамдарға бірлестігіміздің байланыс дерек­терін беруді сұраймыз».

Бөлісу:
Хабарсыз кеткендердің дерегін іздейді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар