Экономика
1 мин оқу 195
ICE Futures: Brent маркалы мұнайдың бағасы 31 доллардан асты
<p style="text-align: justify;">Лондондағы ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнай бағасы 2020 жылғы шілде айындағы жеткізілімдер бойынша 14,12 пайызға өсіп, барреліне 31,04 доллар болды.</p>

Соңғы рет Brent мұнайының бағасы 14 сәуірде 31 доллардан жоғары болды. WTI маркасы фьючерсінің бағасы 26,48 доллар (+16,24%) болып тұр.
Халықаралық энергетикалық агенттіктің мәліметіне сәйкес, 1 мамырда күшіне енген ОПЕК + келісімі әлемдегі сұраныстың төмендеуін өтей алмады. Сарапшылар пандемияға байланысты сұраныстың төмендегенін ескере отырып, өндіріс көлемінің төмендеуі жеткіліксіз болуы мүмкін деп санайды. Құлдырау тәулігіне 30 миллион баррельге бағаланады.
Бөлісу: