Жаңалықтар
1 мин оқу 280

Иран Сириямен араға дәнекер болуға дайын

Хасан Роухани-2

Иран Ислам Республикасы Сирия үкіметі мен ондағы оппозициялық күштерді келісімге келтіруге дайын. Бұл туралы «Тренд» сайты хабарлады. Иран президенті Хасан Роухани: «Иран Сирия билігі мен оппозициялық топтардың арасындағы жағдайды жұмсартуға көмектесуге әзір» деді. Иран басшысы: «Біз ұлттық мәселелер бағытында жүйелі түрде жұмыс жүргізу үшін күш біріктіруіміз керек, әрі аймақ халқының өз тағдырын өзі шешуіне мүмкіндік бергеніміз абзал» дегенді де айтты.

Жолдыбай Базар.

Бөлісу:
Иран Сириямен араға дәнекер болуға дайын · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар