Жаңалықтар
1 мин оқу 120
Биыл Түркияда өтуі тиіс «Көшпенділер ойындары» келесі жылға ауыстырылды
<p style="text-align: justify;">Биыл қыркүйек айында Түркияда өтуі тиіс «Көшпенділер ойындары» келесі жылға ауыстырылды. Бұл туралы Ұлттық спорт қауымдастығының баспасөз қызметі хабарлады.</p>

«Әр екі жыл сайын өткізілетін «Көшпенділер ойыны» биыл Түркияда өткізілуі керек еді. Алайда әлемдік пандемиясына байланысты Түркиядағы ұйымдастырушыдан ресми хат келіп, бұл сайыстың келесі жылға қалатынын хабарлады», - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, 2018 жылдың қыркүйегінде III Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Қырғыз Республикасында өткен болатын.
Бөлісу: