Аймақтар
1 мин оқу 395

Қызылорда: Есірткі сақтаған 14 азамат анықталды

<p style="text-align: justify;">Осы жылдың 3-4 мамырында Қызылорда қалалық Полиция басқармасы патрульдік полиция батальоны қызметкерлері жүргізген рейдтік шара барысында облыс орталығынан есірткі затын сақтаған 14 тұрғын ұсталды. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.</p>

Қызылорда: Есірткі сақтаған 14 азамат анықталды

Ұсталғандардың жас шамасы – 26-45 жас аралығы. Тексеру барысында олардан өзіне тән иісі бар шөп тәріздес зат алынған. Сараптама қорытындысы бұл заттардың марихуана екенін анықтады.

Қазіргі уақытта барлық дерек бойынша Қазақстан Республикасы  Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.

Бөлісу:
Қызылорда: Есірткі сақтаған 14 азамат анықталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар