Спорт
1 мин оқу 70
Магнус Карлсен көш бастап тұр
<p style="text-align: justify;">Жуырда шахматтан ФИДЕ рейтингі жарияланды. Үздіктер көшін Норвегияның мықтысы Магнус Карлсен бастап тұр. Осы күнге дейін ол 2863 ұпай олжалап отыр.</p>

Әрине, 29 жастағы Магнус Карлсеннің бұл нәтижесіне еш таңдануға болмайды. 2013 жылы әлем чемпионы атанған Скандинавия түбегінің түлегі сол кезден бері алтын тәжге ешкімді жолатқан жоқ. Қазір де ол бабында екенін байқатып, жуырда ғана өткен онлайн-турнирде қарсылас шақ келтірген жоқ. Ал бүгінгі таңдағы «ТОП-10» шахматшының толық тізімі мынадай:
- Магнус Карлсен (Норвегия) – 2863
- Фабиано Каруана (АҚШ) – 2835
- Лижэнь Дин (Қытай) – 2791
- Ян Непомнящий (Ресей) – 2784
- Максим Вашье-Лаграв (Франция) – 2778
- Александр Грищук (Ресей) – 2777
- Левон Аронян (Армения) – 2773
- Уэсли Со (АҚШ) – 2770
- Теймур Раджабов (Әзірбайжан) – 2765
- Аниш Гири (Нидерланд) – 2764
Бөлісу: