Аймақтар
1 мин оқу 460

Атырау: Мақтааралға гуманитарлық көмек жеткізеді

<p style="text-align: justify;">Елдің елдігі де, ұлт болып ұйысуы да қиналған сәтте білінеді. Атыраулықтар &nbsp;Мақтааралдағы су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жөнелтті.</p>

Атырау:  Мақтааралға гуманитарлық көмек жеткізеді

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметіне сүйенсек, тұрғындардан 150 тонна азық-түлік пен киім-кешек, гигиеналық заттар жиналыпты. Бұл  гуманитарлық көмек арнайы бөлінген  6  жүк, 20 «Газель» көлігімен Мақтааралдағы ағайынға жеткізіледі. Қазір автокеруен  жолда кетіп барады.

«Екі тәулік шамасында атыраулық ағайынның аманатын Мақтааралға жеткіземіз. Сонымен қатар, Атырау қаласының тұрғындарынан бөлек, мұнайлы өңірге қарасты 7 ауданның  жастары жинаған 15 миллион теңге Мақтаарал ауданының халқына беріледі.​ Талай қиындықты халқымыз бірліктің арқасында жеңген. Бұл сынақты да бірге өткереміз. Біз біргеміз» -дейді ұйымдастырушыладың бірі Нұрғиса Ізбасаров.​

Сондай-ақ, Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен Мақтааралға көмек көрсету арнайы қор ашылды.

Бөлісу:
Атырау: Мақтааралға гуманитарлық көмек жеткізеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар