Аймақтар
1 мин оқу 166
Ардагердің алғысын алды
<p style="text-align: justify;">Қызылорда облысында кешегі Отан соғысының отты жолынан өткен 15 майдангер ғана қалды. Мереке қарсаңында ЗК-69/5 мекемесінің мамандары жаудан елді қорғаған қарт жауынгердің бірі Әбдірахман Бәйтіковтің шаңырағында болып, ардагерге сәлем беріп қайтты.</p>

Бейбіт өмірді қорғаған қарт жауынгер Курск шайқасындағы сәттерден естелік айтты. Ел тыныштығы үшін жан қиған қаруластары жайлы әңгімеледі, қазіргі бейбіт өмірдің оңайлықпен орнамағанын жеткізді.
ҚАЖ қызметкерлері ардагерге ЗК-69/5 мекемесінің бастығы, әділет подполковнигі Т.Қалымбетовтің алғыс хатын табыстап, сәлемін жеткізді. Қарт майдангер өзіне көрсетілген құрмет үшін алғыс айтты.
Бөлісу: