Аймақтар
1 мин оқу 650
Қазалыдағы «Егіздер ауылында» үшем дүниеге келді
<p style="text-align: justify;">Қазалыда Кеңес Одағының батыры Үрмәш Түктібаев атын иеленген ерекше ауыл бар. Ерекше болатын себебі, бұл ауылда 23 егіз дүниеге келген. Кеше осылардың қатарына үшем қосылды.</p>

Қызылорда қаласындағы Ана мен бала орталығында дүние есігін ашқан үшемдер қазір дәрігерлердің бақылауында. Жаңа туған сәбилерге ата-анасы Айғаным, Айғант, Асылым деген есім беріпті.
Дәрігерлер сәбилердің денсаулық көрсеткіштері қалыпты нормаға жеткен бетте үйлеріне шығарылатынын айтады.
Бөлісу: