Аймақтар
1 мин оқу 307
Нұр-Сұлтан: Кенесары көшесі жабылады
<p style="text-align: justify;">Осыған байланысты елорда тұрғындары маршрутын алдын-ала айқындап алуы керек, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.</p>

Екі күнге Кенесары көшесі жартылай жабылды. Атап айтқанда, Республика даңғылынан Жеңіс даңғылына дейінгі учаскеде жөндеу жүруде. 8-10 мамыр аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы толығымен жабылады. Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептелісті болдырмау үшін бағытын алдын-ала жоспарлауы керек.
«Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды өтінеміз», – дейді көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.
Бөлісу: