Аймақтар
1 мин оқу 144

Ақтоты Райымқұлова мен Алтай Көлгінов тал екті

<p style="text-align: justify;">Бүгін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай &laquo;Астана Опера&raquo; Мемлекеттік опера және балет театрының саябағына тал екті. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.</p>

Ақтоты Райымқұлова мен Алтай Көлгінов тал екті

Театр және әкімдік қызметкерлері қолға күрек алып, 20 қарағай, 20 шыршамен мекеме аумағын абаттандырды.

Игі іс-шара мақсаты - қоршаған ортаны қорғау, еңбекті қадірлеу, тәрбиелеу, экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

123

«Қазіргі әлемдік пандемияға байланысты енгізілген Төтенше Жағдайға қарамастан пайдалы іс жасауға жиналдық. Ал ағаш егу - ежелден келе жатқан игі амалдың бірі. «Бір тал кессең он тал ек»,-деген аталар сөзін есте ұстап, қаламыздың тазалығы үшін әрқайсымыз қолдан келгенше үлес қосайық»,-деді министр.

Бөлісу:
Ақтоты Райымқұлова мен Алтай Көлгінов тал екті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар