Қазақстан
1 мин оқу 182

ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштер онлайн қабылданып жатыр

<p style="text-align: justify;">Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу үшін өтініштер 10 мамырға дейін <a href="http://ent2020.testcenter.kz/">ent2020.testcenter.kz</a> сайтында онлайн қабылданады. Интернет жылдамдығы төмен немесе мүлдем жоқ жерлерде тұратын оқушылармен орталық мамандары тікелей байланысып, тіркеу үшін көмектесіп жатыр. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.</p>

ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштер онлайн қабылданып жатыр

18 жасқа толмаған тұлғалардың дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісімді олардың заңды өкілдері беретінін айта кеткен жөн.

Қазіргі күні 125 000-нан астам талапкер тестілеуге қатысуға өтініш білдірді.

Техникалық қолдау үшін Ұлттық тестілеу орталығының 8 8000 80 71 77 нөмірі бойынша Call-center жұмыс істейді. Cондай-ақ, info@testcenter.kz қолдау қызметі жəне ҰТО-ның əлеуметтік желідегі парақшалары арқылы хат жолдауға болады.

Бөлісу:
ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштер онлайн қабылданып жатыр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар