Аймақтар
1 мин оқу 424

Маңғыстау: ардагерлерге 2 млн теңгелік сыйлық берілді

<p style="text-align: justify;">Маңғыстау облысында тұратын Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің әрқайсына 2 млн теңгенің сыйлығы берілді. Бұл туралы облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серікбай Төлетов мәлімдеді.</p>

Маңғыстау: ардагерлерге 2 млн теңгелік сыйлық берілді

Бұл сомаға мемлекеттік төлемдерден бөлек меценаттар, демеушілер мен еріктілер жинаған қаражат та кіреді. Мәселен, әр майдангерге «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» (NCOC) компаниясы тұрмыстық техника сатып алуы үшін 750 мың теңгелік сертификат тарту етті.

Бүгінде облыс бойынша көзі тірі 11 соғыс ардагері бар. Олар: Асан Айтмағамбетов, Бисен Боқаев, Василий Салазкин, Станислав Сухонос, Қайыр Қыдырбаев, Қамқа Үмбетқалиқызы, Ольга Заривняк, Күбір Тілешов, Алуадин Орақұлы, Сәуірбай Базарбаев, Ибраһим Мәмбетұлы.

 

Маңғыстау облысы

Бөлісу:
Маңғыстау: ардагерлерге 2 млн теңгелік сыйлық берілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар