Әлем
1 мин оқу 400

Ғарышта Ресейдің үдеткіш блогы жарылды

<p style="text-align: justify;">Ғарышта Ресейдің &laquo;Фрегат&raquo; үдеткіш блогының жанармай багында жарылыс болып, нәтижесінде 65 сынық пайда болған. Бұл туралы&nbsp;ТАСС агенттігі АҚШ-тың әскери қарулы күштеріне сілтеме жасап хабарлады.</p>

Ғарышта Ресейдің үдеткіш блогы жарылды

Америкалық әскерилердің мәліметтерінше, оқиға 8 мамырда болған.

Бұл үдету блогын 1990 жылдары С. А. Лавочкин атындағы ғылыми-өндірістік бірлестігі жасап шығарған. Негізінен үдету блогы зымыран тасығыштың құрамында қосымша рөл атқарады. Олар ғарыш аппараттарын жер маңындағы орбиталардың кең спектріне, сондай-ақ планетааралық траекторияға шығаруды қамтамасыз етеді.

Бөлісу:
Ғарышта Ресейдің үдеткіш блогы жарылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар