Атырау: Майдангерлерге – 500 мың теңге сыйақы

Өңірдің мұнай-газ секторындағы отандық кәсіпорын – Ембімұнайгаз» «АҚ-ның әлеуметтік қолдауымен үш майдангер, 98 тыл еңбеккері мен 15 интернационалист-жауынгер қамтылып отыр. Олардың бәріне Жеңіс күніне орай қаржылай сыйақы берілді.

–Жеңістің 75 жылдығына орай компанияның әлеуметтік қолдау көрсету бағдарламасы шеңберінде соғысардагерлеріне 500 мың теңгеге дейін, тыл еңбеккерлеріне 50 мың теңгеге дейін, интернационалист-жауынгерлерге 50 айлық есептік көрсеткішке дейін төлемдерді ұлғайту туралы шешім қабылданды. Біздің компанияда әрбір жауынгер-мұнайшы туралы естелік сақталып, соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне, интернационалист-жауынгерлерге қамқорлық жасалуда. Олардың барлығы компанияның әлеуметтік қолдауымен қамтамасыз етілді, - дейді «Ембімұнайгаз» АҚ басқарма төрағасы Есен Қайыржан.
Қоғаммен байланыс қызметінің хабарлауынша, компания қамқорлығына алған адамдарды медициналық сақтандырумен қамтамасыз етіп отыр. Сондай-ақ, емдеу мен дәрі-дәрмек сатып алу шығындарын өтейді.