Руханият
1 мин оқу 320

Ардагерлерді құттықтады

<p style="text-align: justify;">Алматы гарнизонының әске&shy;ри қыз&shy;метшілері Қарулы Күштер&shy;дің алматылық ардагерлер ке&shy;ңесінің өкілдерімен бірге Екін&shy;ші дүние&shy;жүзілік соғыстағы Же&shy;ңістің 75 жыл&shy;дығы қар&shy;са&shy;ңын&shy;да соғыс ар&shy;дагерлерінің жағ&shy;&shy;дайларын бі&shy;ліп, мерекемен құт&shy;тықтады.</p>

Ардагерлерді құттықтады

Қазіргі таңда қалада 200-ге жуық соғыс ардагері мен 14 мың­нан астам тыл майданының қаты­сушылары тұрады. Әскери қызмет­шілер олармен тығыз байланыс­та, хал-жағдайларын біліп отырады, тұр­мыс­тарына көмек көрсетеді.

Жеңіс күні қарсаңында әске­ри қызмет­шілер құттықтап қайтқандар­дың қатарында Алматы және Алма­ты облысының құрметті азаматы,­ «Казахстанская правда» газеті атын­­­дағы халық­аралық майдандық клу­бының президенті, гвардия пол­ков­нигі Леонид Гирш, Қазақ КСР халық әртісі, Мем­лекеттік сыйлықтың  лау­реаты Юрий Померанцев, соғысты басы­нан өткеріп, кейін  қарапайым сарбаздардың ерлік­терін өзінің туын­дыларында бейнелеген жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісов те бар.

Сонымен қатар Нұр-Cұлтанда әске­ри қызметшілер  Ұлы Отан соғы­сын­дағы Жеңістің 75 жылдығымен ардагерлерді құттықтап, тұрғын үйлер­дің аулаларында концерттер қойды.

Ұлттық әскери-патриоттық орта­лы­­ғының Орталық ансамблі әртістері патриоттық шығармалар мен соғыс жылдарының әндерін орындады, қала көшелерімен автокөлікпен жүріп өтіп, тұрғын үйлердің аулаларына кіріп, мерекенің басты батырлары – ардагерлер мен жергілікті тұрғындарды құттықтады. Көрермендер қойылған кон­­цертті жақсы бағалап, әскери әртіс­терге алғыстарын білдірді. Одан басқа Ақмола гарнизонының әскери қызметшілері үйде отырған  арда­герлердің жағдайын сұрап қайтты.

Бөлісу:
Ардагерлерді құттықтады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар