Руханият
1 мин оқу 125

Мақтааралдықтармен бір­геміз

<p style="text-align: justify;">&laquo;Ауыл&raquo; партиясының &laquo;Біз &ndash; мақтааралдықтармен бір&shy;геміз&raquo; атты қайырымдылық автокеруені Мақтаарал ауда&shy;н&shy;ын&shy;дағы топан судан зардап шеккен ауылдарға аттанды.</p>

Мақтааралдықтармен бір­геміз

Жүк көліктеріне тиелген 20 тоннадан астам азық-түлік Өзбекстандағы «Сардоба» су қоймасындағы апат салдарынан қиындыққа тап болған отандастарымызға таратылады.

Қайырымдылық акция­сы «Ауыл» партиясының төр­­ағасы, Парламент сена­тының де­путаты Әли Бек­таев­тың бастамасы бойынша қолға алын­ды. «Ауыл» пар­тия­сының барлық аймақтар­дағы филиалдары партия төр­ағасының бастамасын қол­дап, осындай сын сағатта мақ­тааралдықтарға көмек қолын созуға шешім қабылдап, қайырымдылық автокеруенін  ұйымдастырып, жедел түрде зардап шеккен аймақтарға ең қажетті азық-түлік түрлерін жіберді.

Партияның Шымкент қала­сындағы филиал төрағасы Қанат Досалиев: «Ауыл» партиясы – нағыз патриоттардың партиясы. Дәл бүгінгідей сәтте  барлық аймақтардағы филиалдарымыз жұдырықтай жұмылып, осы шараға атсалысуда. Қиындыққа ел болып қарсы тұру, зардап шеккендерге жәрдемдесу – біздің атадан келе жатқан игі салтымыз, Қазақстан халқының ең асыл қасиеттерінің бірі деп есептеймін» деді.

Бөлісу:
Мақтааралдықтармен бір­геміз · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар