Қоғам
2 мин оқу 675

Кітапханашы мен медбикенің мәселесін кім шешеді?

<p style="text-align: justify;">Мен 16 жасымнан бері мектепте еңбек етіп келемін. Тәрбиеші, меңгеруші, ұстаз, кітапханашы мамандықтарын жетік меңгердім десем де болады. Алла қаласа, ендігі жылы еңбек өтілім 40 жыл болады.</p>

Кітапханашы мен медбикенің мәселесін кім шешеді?

Egemen Qazaqstan газе­ті­нің 2020 жылғы 27 ақпан күнгі №40 санында жа­рия­лан­ған «Ұмыт қал­ған­дар кім­нен қор­қа­ды?» атты ма­қа­ла мектеп кітап­ха­на­шы­ла­рының мәселесін қозғапты. Көте­рілген мәселе өте орынды, алғы­сымыз шексіз. Бірақ біздің жа­най­­қайымыз, қағаз бетінде ғана кө­терілмей, тал­қы­­ланып, іске асса екен дей­міз. Қандай маман иесі болсын, өздері осы бұлақтан су ішіп, өсіп-өнгенін, қолына мектеп кітапханасынан кітап алғанын, сол кітаптан білім алып, осындай дәрежеге жетіп отырғанын  ұмытпас. Мектеп кітапханасы – ұлы мамандық. Ең көп қазына кімде десе, мектеп кітапханашысында деп айтар едім. Мектеп директоры­нан бастап, кішкентай оқыр­ман­дардың жүрегін жаулайтын, ешқашан «жоқ» демейтін,  бәрі­нің көңілін, тілін табатын, жаны ізгі, жайсаң жандар ғана осы ма­ман­дық иесі бола алады. Мектеп кітап­ханашысы дегеніміз – ақын, жазу­шы, ұстаз, тәрбиеші, әдіскер, әнші, биші, психолог.

Кітапханашы мамандығын үш жыл, мұ­ға­лімдікті алты жыл оқы­­­дым. Бәрін қосқанда тоғыз жыл. Мен еңбек еткен 40 жылда білім саласында көптеген өзге­ріс болды.  Мек­тепсіз өміріміз қа­раң қала­тын сияқты. Қандай кезең­дер­ден өтпе­дік. Бәріне шы­дап бақ­тық. Бірақ еңбекақы мәсе­лесіне келгенде мектеп кітап­ха­нашыларын ұмытып кеткені жанымды жай таптырмады. Онда не үшін жоғары оқу орындарында оқыдым? Әкем мар­құм айтқандай, күректей екі диплом­ды не үшін алдым, мені осыншама жыл­дан кейін мазақ ету үшін бе?! Мәр­тебемізді түсіруге кімнің қа­қы­­сы бар? Мәдениет және білім са­ла­сында қызмет еткеніміз үшін, мектеп оқушыларын оқу­лық­пен қамтып, қалалық, мек­тепішілік іс-шараларды жо­ға­ры деңгейде өткізгеніміз үшін бе?

4

Назарбаев зияткерлік мек­теп­­те­­рінің кітап­ха­на­ла­рын­да кітап­ха­нашы-педагог, кітап­ханашы-әдіс­кер деген мәртебе бар. Ал қала кітапханашылары әдіскер, мең­ге­руші, библиог­раф, оқу бөлімі, т.б. салаларға бөліне отырып, жұ­мыстары жеңіл болса да, алатын жала­қы­лары көп. Ендеше, дәл осындай еңбек етіп отырған мек­теп кітапханашыларының ең­бек­­­а­қысын көтермеу кімге керек? Әрине ешқандай мектеп ди­рек­­торы немесе әкімшілік маған «еден жу» немесе «барып кел, алып кел» деген жоқ. Ақшасын  аз төлесе де, намысымды ешкім қор­ла­ған емес. Алайда Үкімет мұғалімдер, мә­де­ниет қыз­меткерлерінің жала­қы­сын өсіріп, мектеп кі­тап­­­ханашыларын ұмытып кет­­ке­ні  – адамның ақылына сый­майтын жайт. Яғни біздің құ­қы­­ғымызды аяқасты етіп отыр.

Рас, кейбір кітапханашылар жа­лақының аздығынан өз мек­­те­­бінде қосалқы  жұмыс іс­теуге мәжбүр. Әйтсе де қа­зі­р­гі заманда  мектеп кі­тап­­ханашыларының ең­се­сі биік болуы тиіс. Біз өз мамандығымызбен мақ­­та­­намыз. Ендеше, тыным­сыз еңбе­­гімізге сәйкес еңбек­ақы­­мыз да жоғары болуы керек.

Бахтықан БАШИБЕКОВА,

№5 гимназияның кітапхана меңгерушісі

Нұр-Сұлтан

Бөлісу:
Кітапханашы мен медбикенің мәселесін кім шешеді? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар