Технология
2 мин оқу 432

Кезекті алдын ала броньдай аламыз

<p style="text-align: justify;">Қарағанды, Ақтау және Орал қалаларындағы бірнеше халыққа қызмет көрсету орталығы жұмысын қайта жандандырып, жаңа форматта қызмет көрсете бастады. Алғашқы жұмыс күні осы ХҚО-ларда 2038 мемлекеттік қызмет көр&shy;се&shy;тілді. Олардың 70%-дан астамы алдын ала брондау арқылы қамтамасыз етілген. Қал&shy;ғандары сол жерде бронь жасаған немесе операторлардың босауын күткен.</p>

Кезекті алдын ала броньдай аламыз

Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада «Азаматтарға арналған үкі­мет» мемлекеттік корпорациясы коро­навирус пандемиясы қаупінің сақталуына байланысты мемлекеттік қызметтерді көрсетудің жаңа форматын ұсынды, оған сәйкес азаматтар ХҚО-дан тек «қағаз жүзін­дегі» қызметтер мен онлайн түр­де ресімделген қызметтердің нәти­желерін ала алады.

Бұл ретте қызметтерді тек алдын ала жасалған броньдау арқылы алуға болады. Халыққа қызмет көрсету ор­­талығына кезек уақытын egov.kz

порталы немесе 1414 нөміріне қо­ңырау шалу арқылы белгілей аласыз.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бас­қарма төрайымы Әсемгүл Балташе­ваның айтуынша, кезекке тапсырыс беру – ең алдымен қызмет алушы үшін өте ыңғайлы. Ол ХҚО-ға бірден қызмет алу үшін немесе құжатын алып кету үшін ғана барады. «Бірінші күні біз кезекке тапсырыс бермеген клиенттердің өзінен жағымды пікір естідік. Олар қызметтерді тез алуға бола­тынын көріп, келесі жолы тек броньдау арқылы келуге уәде берді», деді Ә.Балташева.

Ол сондай-ақ кезекке тапсырыс берген клиенттердің белгіленген уа­қыт аралығында келу керектігін айтты, себебі бронь уақыты өтіп кетсе, қайта брондау рәсімін жасау керек. Со­нымен қатар бронь барысында тір­келген ЖСН иесі ғана электронды ке­зекті пайдалана алады.

Естеріңізге сала кетейік, 4 мамырдан бастап төтенше жағдай тәр­тібін қамтамасыз ету жөніндегі штабтардың шешімімен бірқатар аймақта халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылды.

Атап айтқанда, Қарағанды, Ақ­тау және Орал қалаларында жеке тұл­ғаларға қызмет көрсету үшін алдын ала брондау арқылы ХҚО-лар ашылды, ал Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақ­мо­ла, Ақтөбе, Атырау, Солтүстік Қа­зақ­­стан және Түркістан облыста­рын­да ХҚО-лар шағын және орта биз­неске қызмет көрсету үшін ашылды.

Бөлісу:
Кезекті алдын ала броньдай аламыз · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар