Қоғам
1 мин оқу 334
Нұр-Сұлтан: Тұран даңғылы бойында 20 мамырға дейін көлік қозғалысы тоқтады
<p style="text-align: justify;">Қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Тұран даңғылында Достық көшесінен Қонаев көшесіне дейінгі учаскеде жол желісін орташа жөндеуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.</p>

«10-20 мамыр аралығында аталған учаскеде автокөлік қозғалысы ішінара жабылады. Елорда тұрғындары мен қонақтары кептелістің алдын алу үшін өз бағдарын алдын ала жоспарлауы қажет», – делінген басқарма хабарламасында.
Бөлісу: