Сынып жетекшісі қандай есеп беруі тиіс?
<p style="text-align: justify;">Бұл сұраққа Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жауап берді. Ведомство бекіткен 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрықта орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының мұғалімдері толтыруға міндетті құжаттардың нақты тізімі көрсетілген. Соның ішінде сынып жетекшісінің де қандай есепті тапсыруға міндетті екені белгіленді. </p>

Министрлік хабарлағандай, мұғалім жалақысына үстемеақы алып отырған қосымша міндеттері болса, онда бірқатар құжаттарды толтыруы тиіс. Айталық, мұғалім сынып жетекшісі болса, оқу жылының басында тәрбие жұмысының жоспарын әзірлеп, өткізілген ата-аналар жиналысы бойынша электрондық форматта хаттама мен оқушылардың табельдерін толтырады және қажеттілігіне қарай олардың жеке істерін жаңартып отырады. Сондай-ақ педагог жас маманның тәлімгері болып, сол үшін 17 мың теңгеге жуық үстемеақы алса, онда жас әріптесімен бірлесіп атқарған жұмысы бойынша әдістемелік құжат толтырады.