Аймақтар
1 мин оқу 210

Нұр-Сұлтан: Өткізу-бақылау бекеттері алынған жоқ

<p style="text-align: justify;">Елорда әкімдігі жанындағы жедел штаб карантин режимі алынбағанын хабарлайды. Қалаға кіру шектелген. Елордаға қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін нысандарында жұмыс істейтін тұрғындар ғана кіре алады. Қызметкерлер тізімін Ақмола облысының әкімдері береді. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.</p>

Нұр-Сұлтан: Өткізу-бақылау бекеттері алынған жоқ

Қалаға талап етілген барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, Төтенше жағдай мен карантин уақытында азық-түлік өнімдері еш кедергісіз жеткізілуде.

11 мамырда Төтенше жағдай режимі алынды. Алайда, Нұр-Сұлтан қаласы бұрынғыдай карантин режимінде өмір сүре береді. Қала аумағы бойынша орналасқан барлық өткізу-бақылау бекеттері күшейтілген режимде жұмысын жалғастырып жатыр. Карантин режимін бұзған тұлғалар жауапкершілікке тартылады.

Бөлісу:
Нұр-Сұлтан: Өткізу-бақылау бекеттері алынған жоқ · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар