Аймақтар
1 мин оқу 510

Атырау: БҚО-ның 135 тұрғыны екі күн аялдайды

<p style="text-align: justify;">Теңіз кенішінен өзге өңірлердің тұрғындарын шығару әлі жалғасып жатыр. Алайда, кеше Батыс Қазақстан облысының 135 тұрғыны Атыраудан кете алмай қалды. Неге?</p>

Атырау: БҚО-ның 135 тұрғыны екі күн аялдайды

Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік жедел штабтың хабарлауынша, 10 мамырда  Теңіз кенішінен​ 135 жұмысшы Батыс Қазақстан облысына жол жүруі жоспарланған  екен. Атырау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, Теңіз кенішінде жұмыс істейтін өзге өңірдің тұрғындары ПТР-тестілеуден тұрғылықты мекенжайында өтуі тиіс. Сәйкесінше сол өңірде карантиндік стационарға оқшаулануы қажет.

«Алайда, кеше Теңіз кенішіндегі​ ​ 135 жұмысшы үшін Батыс Қазақстан облысындағы карантиндік стационарда​ бос​ орынның жетіспейтіндігі белгілі болды. Сол себептен, Теңіз кенішінің басшылығы батысқазақстандық​ 135 жұмысшыны Атырау қаласында екі күнге​ уақытша орналастыруға шешім қабылдады.​ БҚО-ның  карантиндік стационарында орын босағасын, сол өңірге жеткізілетін болады»,- деп хабарлады өңірлік жедел штабтан.

Бөлісу:
Атырау: БҚО-ның 135 тұрғыны екі күн аялдайды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар