Медицина қызметкерлерінің жалақысына үстемеақы тамыз айына дейін төленеді — Е. Тоғжанов
<p style="text-align: justify;">Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Үкімет үйінде өткен брифингте коронавирус инфекциясымен күресуге тартылған дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне үстеме ақы төлеудің одан әрі жалғасатыны туралы айтып берді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.</p>

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне үстеме ақы төлеу үшін Үкіметке 40 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді.
«Төлемдердің жартысы төленді. Қалған бөлігі биыл тамыз айына дейін төленетін болады», — деді вице-премьер.
Сонымен қатар Е. Тоғжанов жұмысқа шығатын ата-аналарға қолайлы болу үшін балабақшаларда кезекші топтар ұйымдастырылатынын айтты. Бірақ санитарлық нормаларды сақтау қажет болады.
«Мысалы, балабақшгаларда әрбір топта 25-30 баладан бар. Карантин кезеңінде сақтық шараларын ескере отырып, топтардағы балалар санын 15-ке дейін ғана жеткізу керек. Бұл ретте жұмыс істейтін әр ата-ананың балаларын балабақшада қалдыру мүмкіндігі бар екенін атап айтқым келеді», — деді Премьер-Министрдің орынбасары.