Аймақтар
1 мин оқу 144

Ресейден оралған жетісулық студенттерден індет белгісі анықталмады

<p style="text-align: justify;">Бұған дейін &nbsp;Ресейден оралған жетісулық 102 студенттің Қапшағай маңына оқшауланғанын жазған едік. Олардың бәрі коронавируска қарсы сараптама тапсырып, бақылаудан өтті.</p>

Ресейден оралған жетісулық студенттерден індет белгісі анықталмады

Бүгін студенттерден алынған сынама нәтижесі белгілі болды. Қуаныштысы, студенттердің қан құрамынан жұқпалы індет белгісі табылмады.

- Вирусқа қарсы сынама теріс нәтиже көрсеткендіктен жерлестеріміз үйлеріне жіберілді. 102 студент облыс әкімдігі бөлген арнайы көлікпен тұрғылықты мекен жайына дейін жеткізілді, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Ресейден оралған жетісулық студенттерден індет белгісі анықталмады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар