Аймақтар
2 мин оқу 520

6,5 мың тұрғын үй салынады

<p style="text-align: justify;">Атырау облысында биыл қаржылан&shy;дырудың барлық көздері есебінен 800 мың шаршы метр немесе 6,5 мың тұрғын үй салу міндеті тұр. Биылғ&shy;ы І тоқсанда салаға 8,1 млрд тең&shy;&shy;ге ин&shy;вестиция бағытталып, жал&shy;пы ау&shy;даны 149,6 мың шаршы метр болатын 1287 тұрғын үй пайда&shy;ла&shy;нуға берілді.</p>

6,5 мың тұрғын үй салынады

Жалпы биыл «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдар­ламасы шеңберінде Атырау облы­сында инженерлік-коммуникациялық ин­фра­құрылым және тұрғын үй құрылысына 20,3 млрд теңгеге 95 жоба іске асырылып, 925 адам жұмыспен қамтылады.

Кредиттік немесе жалға берілетін 620 пәтер­ді пайдалануға беру жоспарла­нып отыр. Оның ішінде сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй құрылысына 13 жобаны іске асыру үшін 5 млрд тең­ге қарастырылған. Биылғы І тоқсан қоры­тындысында әкімдікке 1,1 млрд теңге ауда­ры­лып, қаражат толық игерілген. Жыл соңына дейін жалпы ауданы 10,2 мың шаршы метр болатын 157 жалға бері­летін пәтер пайдалануға беріледі. Халық­тың аз қамтылған әлеуметтік топтарына, көп балалы отбасыларға берілетін бұл баспа­налардың құрылысына 480 адам жұмысқа тартылады.  Ал кредиттік тұрғын үй құрылысына 43 жобаны іске асыру үшін 5 млрд теңге қарастырылған. Оған 27,8 мың шаршы метр тұр­ғын үй немесе 463 пәтерді пайдалануға беру жоспарланған.

Сонымен қатар  «Нұрлы жер» мемлекет­тік бағдарламасы аясында 2%-дық несие беретін «Бақытты отбасы» бағдарламасын жүзеге асыруға биыл республикалық бюджеттен облыс әкімдігіне 239 тұрғын үй үшін 2,4 млрд теңге қарыз беру қарастырылып отыр. Облыста тұрғын үй құрылысы аудандарына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізу мақсатында 39 жоба іске асырылады. Бұл мақсатқа 10,3 млрд теңге қарастырылған. Биылғы І тоқсанда ол қаражаттың 2,8 млрд теңгесі аударылып, 2,2 млрд теңгесі игерілді. Аталған жобаларда 445 адам жұмыспен қамтылады.

АТЫРАУ

Бөлісу:
6,5 мың тұрғын үй салынады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар