Руханият
2 мин оқу 1,910

Атаңа не істесең, алдыңа сол келеді

<p style="text-align: justify;">Мақаланың тақырыбы айтып тұрғандай, қазақта дәл осындай мақал бар. Бұның арғы түбі құран-хадистен алынған сияқты. Өйткені Құранда &laquo;Әркім қолекі істеген күнәсіне сай зардабын тартады&raquo; дейтін мағынада ашық аят бар. Осы орайда біздің айтпағымыз: ертеде таулы-қыр&shy;қалы, сулы-нулы, орман-то&shy;ғайлы өңірде бір тайпа мекен етіпті. Ел болған соң байы мен кедейі, жақсысы мен жаманы, білімдіcі мен наданы араласып өмір сүріпті.</p>

Атаңа не істесең, алдыңа сол келеді

Осы елдің ішінде үйленгеніне көп жыл болмаған жас отбасы өмір сүріпті. Олардың қолында әбден қартайған, асырауға мұқтаж кәрі әкелері бар екен. Жасында бағып-қағып өсіргеніне қа­рамай жас жігіт қарт әкесіне жөнді кө­ңіл бөлмейді. О дү­ниеге аттанатын өл­мелі шал ретінде қа­райды. Қарияның қарны бірде аш, бірде тоқ, бала мен келіннің бергенін ішіп, бермесе сабыр сақтап, бір Құдайға ғана жалбарынып жата береді.

Қарияның жатқан жері мұндай жайсыз болар ма. Балалары болса бұта­ғы дұрыс аршылмаған тал ағаштан жасалған төсек-сәкіге жұқа төсеніш тас­тап, соған жатқызып қояды. Қарияның қарсыласуға қауқары жоқ, ағаш төсекте жамбасы тесіліп, көзі боталап жатады. Тек қана енді-енді есі кіріп келе жатқан төрт жасар немересі атасына келіп, маңдайынан сипап, сақалын тарап қасынан шықпайды.

Атасының ағаш батып, жауыр бол­ған арқасын сипайды, жара­сына май жағып көмектеседі. Атама бұлай жаса­маңдар деп, өзінің әке-шешесіне айтып көреді. Олар әдеттегідей мән бермейді. Содан әбден амалы тау­сылған немере шағын ауланың ішіне жас шыбықтарды жинайды. Оларды нан жабатын пештің үстіне қойып шала кептіреді. Содан кейін асықпай тоқуды бастайды. Төрт жасар баланың қолынан әрине бір­деме келмесі анық. Бірақ жұмысын тоқтатпайды. Қа­шан көрсеңіз аулада шыбық тоқып отырғаны.

Содан бір күні баланың әке-шешесі: «сен осы не істеп жүрсің, мына жас шы­бықтарды қайтесің?», деп сұрайды. Сонда бала: «Жас шыбықтардан сәкі-төсек тоқып жатырмын», дейді. «Оны қайтесің?». «Сіздер қартайғанда сон­да жатқызамын», дейді. Сонда барып әке-шешесі есін жи­ған екен. Сол сәттен бастап әкесі қарияны жұмсақ төсекке жатқызып, күтіп бағыпты.

Бөлісу:
Атаңа не істесең, алдыңа сол келеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар