Спорт
1 мин оқу 151

ФИФА уақытша өзгеріс енгізді

<p style="text-align: justify;">Халықаралық футбол федерация&shy;сы (ФИФА) футбол ережелеріне уақытша өзгеріс енгізді.</p>

ФИФА уақытша өзгеріс енгізді

Енді командалар бір ойында бұрынғыдай 3 емес, 5 футболшыны ауыстыра алады. Тек бұл ережені қолдану-қолданбауды әр чемпионаттың басшылығы мен команда өкілдері өздері шешеді. Сондай-ақ ойыншы алмастыру кезінде уақыт созудың алдын алу мақсатында командалар ойын барысын­да тек 3 футболшыны ауыстыра алады. Ал үзіліс уақытында екі футболшыны ауыстыруына мүмкіндік бар. Пайдаланылмаған мүм­­кіндікті қосымша уақытта қолдана алады.

Бір ескеретін жайт, ойын кезінде қосалқы құрамға алынған футболшы қайтадан алаңға шыға алмайды. Аталған ережені командалар 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін пайдалана алады.

Бөлісу:
ФИФА уақытша өзгеріс енгізді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар