Қоғам
1 мин оқу 362

Өнерлі жастар қайырымдылық көрсетті

<p style="text-align: justify;">Jas Otan жастар қанатының волонтерлері жалғыз басты қарттарға, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға, жетім балаларға, ардагерлерге, ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға атаулы көмек көрсетуді жалғастыруда.</p>

Өнерлі жастар қайырымдылық көрсетті

Аталған акцияның екінші кезеңінде волон­терлер қатарына қазақстандық ән­шілер, тележүргізушілер, актерлер және т.б. өнер қайраткерлері қосылды. Нұр-Сұлтан қаласындағы волонтерлерге Тұр­сынбек Қабатов, Жеңіс Сейдоллаұлы, Мар­жан Арапбаева және Әділ Ахметов көмек­тесті.

«Мен осы жерде келіп, аталған нау­­қанға волонтер ретінде қатысып жат­қа­ныма қуаныштымын. Мұндай қиын кезеңде жастардың халыққа үл­кен жауапкершілікпен көмектесіп жат­­қаны қуантады. Осы пандемия тезі­рек аяқталғанын қалаймыз, бейбіт тір­шілігімізге оралсақ дейміз. Қашанда аспанымыз ашық болып, еліміздің ты­ныш­тығы бұзылмасын деп тілеймін. Аза­маттарды төтенше жағдай ережелерін сақ­тауға шақырамын», деді Тұрсынбек Қабатов.

Бүгінге дейін жасотандықтар республика бойынша 65 мыңнан астам отбасын әлеуметтік себеттермен қамтамасыз етті. Волонтерлер үлестіретін әр қорапта 30 ки­лодан астам азық-түлік бар. Оған бірін­ші қажеттіліктегі азық-түлік өнімдері, жар­ма, макарон, күнбағыс майы және шай секілді тауарлар кіреді. Сондай-ақ азық-түлікпен бірге әр отбасына 50 бет­перде табысталады. Бұл жұмысқа 3000-нан астам Jas Otannyń волонтері жұмыл­дырылды.

Тұңғыш Президент – Елбасы, Nur Otan пар­тиясының көшбасшысы Нұрсұлтан Назар­баевтың тапсырмасы бойынша құрылған «Birgemiz» қоры бүгінгі таңда 152 000 аз қамтылған отбасына 50 000 теңгеден қаржылай көмек көрсетті.

Сондай-ақ қор Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының 2000-нан астам дәрігеріне
50 000 теңге көлемінде ақшалай қолдау көрсетті.

Бөлісу:
Өнерлі жастар қайырымдылық көрсетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар