Технология
2 мин оқу 324

Тақырдың мұғалімі танк жасады

<p style="text-align: justify;">&laquo;Танк макетінің ұзындығы &ndash; 30 см, биіктігі &ndash; 15 см, ені &ndash; 17 см. Қалдық материалдар, темір жинадым. Дөңгелектері мойынтіректен, ал табанына &laquo;Жигули&raquo; автокөлігінің шынжырын қолдандым. Мұнарасындағы қаңылтыр 360 градусқа бұрылады. Зеңбірегі, тартатын арқаны, күрек, арасы, жарықшам, бак және тағы басқа бөлшектері суреттен көрінеді&raquo;, дейді Азамат Сүлейменов.</p>

Тақырдың мұғалімі танк жасады

«Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран». Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқ­талуының 75 жылдығына орай ол өзі жасаған танк жобасын жерлес батыр Әбілқайыр Баймолдиннің рухына арнаған екен.

Жауынгер Әбілқайыр Баймол­дин Тақыр ауылында туған. 1944 жылдың қаңтарында Невель қала­сын жаудан қорғап, ерлікпен қаза тапты. Баймолдин басқарған взвод қатарында Мәншүк Мәметова бол­ған. Невельді жаудан босатқан соң, Ә.Баймолдин қала коменданты болып тағайындалады.

Азамат батырға арнаған танк макетін жасауда әрбір бөлшегіне ерекше көңіл бөліпті.

– Мәңгілік от темір қаңылтырдан 1 мм кесіліп дәнекерленді. Оттың өзі де те­­мірден және бейнесі бейбіт­ші­лік құсы кө­гершінге ұқсас жасалды, – дейді ол.

Танк орналасқан темір тұғырдың айналасындағы мәңгілік оттың жа­нында екі қалампыр гүлі жұқа қа­ңыл­­тырдан, шөп қағаздан кесіліп, жа­сыл түске желімделген. Қоршауы ша­ғын шегемен дәнекерленіп, сары жібек жіппен ілінген.

Ал Азамат ауылдағы Тақыр не­гізгі білім беру мектебінің технология пә­нінің мұғалімі. Мамандығы инженер-педагог, физик-информа­тик. Ауыл мектебінде 17 жылдан бе­рі қызмет етіп келеді. Шағын жи­нақ­­ты ауыл мек­тебінде 39 оқушы ға­на қалыпты.

Төтенше жағдай уақытына дейін оқушыларымен бірге түрлі жобалар құрастыратын. Оларға да қызықты, өздері де ізденіп, түрлі бұйымдар, зат жасайды. Әскери техникалардың макетін жасау – оқу­шыларды мектеп бітірген соң, Отан қорғауға, әс­кер қатарына баруға қы­зықтырады, патриоттық тәрбие береді.

Жуырда аудандық білім бөлі­мінің қашықтан жариялаған бай­қауы барысында Азамат Сүлейме­новтің жасаған танк жобасы 1-орын алды.

Павлодар облысы,

Аққулы ауданы

Бөлісу:
Тақырдың мұғалімі танк жасады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар