Аймақтар
1 мин оқу 330
Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды
<p style="text-align: justify;">Қазақстан қалаларындағы 13 мамыр күнгі ауа сапасы туралы болжамын «Қазгидромет» РМК хабарлады.</p>

Ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайы екі қалада – Атырау және Павлодарда күтіледі. Өзге шаһарларда метеоахуал қалыпты болады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Бөлісу: