Коронавирус
1 мин оқу 157
COVID-19: ДДСҰ Қазақстанды үлгі етті
<p style="text-align: justify;">ДДСҰ Еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клюге Қазақстанның COVID-19-бен күресудегі іс-қимылдарын бағалады.</p>
«Қазақстан – COVID19-ға қатысты ахуалды тұрақтандыру бойынша белсенді күш-жігердің тамаша үлгісі», – деп жазды Клюге Twitter парақшасында. Осылайша, Ханс Клюге елімізді коронавирус инфекциясының таралуын тұрақтандыру бойынша белсенді әрекет етіп жатқан ел ретінде көрсетті.
Ол Қазақстанда жоғары бағаланған вируспен күрес шараларын атап өтті:
- Күшейтілген бақылау;
- Ауқымды тестілеу, соның ішінде медицина қызметкерлерін тексеру;
- Деректер санын белгілеу;
- Вирусты жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болғандарды қатаң қадағалау және вирустың одан әрі таралуының уақытылы алдын алу;
- Пациенттерді дұрыс емдеу;
- Зерттеу.
Бөлісу: