Аймақтар
1 мин оқу 184

Шымкенттік құтқарушы Discovery channel телеарнасының «жұлдызына» айналды

<p style="text-align: justify;">Шымкент қаласы ТЖ департаментінің жедел-құтқару жасағының құтқарушылары су басқан Мақтаарал ауданында аянбай еңбек етуде.</p>

Шымкенттік құтқарушы Discovery channel телеарнасының «жұлдызына» айналды

Олар Жеңіс, Фирдоуси, Өргебас ауылдарында іздестіру-құтқару, тұрғындардың мүліктер мен мал-жандарын шығару жұмыстарына жұмылдырылған.

Өргебас ауылындағы суға кеткен төрт түлік малдарды іздестіру барысында жеті қазынаның бірі итті ажалдан арашалап қалған Берік Төлеметовтың жұмысы жайында «Discovery Channel» телеарнасының ресейлік журналистері арнайы бейнесюжет дайындаған.

5 жылдан бері құтқарушы қызметінде тер төгіп жүрген Берік қазір  Фирдауси ауылын ірі қара және ұсақ малдардың өлекселерінен тазарту жұмыстарымен айналысуда. Ол күнделікті атқаратын құтқару жұмыстарын өз кәсібі мен міндеті деп санайды.

Бөлісу:
Шымкенттік құтқарушы Discovery channel телеарнасының «жұлдызына» айналды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар