Саясат
1 мин оқу 190

Темір жол қатынасы ашылады

<p style="text-align: justify;">Кеше Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов&shy;тың төрағалығымен өткен Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында экономика салаларын қалпына келтіруге және халықты жұмыспен қамтуға бағытталған бірқатар нақты шешім қабылданды. &nbsp;</p>

Темір жол қатынасы ашылады

2020 жылғы 13 мамырдан бастап Шымкент, Ақтау, Орал, Жезқазған, Балқаш, Үржар, Зайсан қалаларына әуе рейстері ашылады.

2020 жылғы 18 мамырдан бастап:

– қонақ үйлерге;

–  сыйымдылығы 30 адам­дық орынға дейінгі қоғамдық тамақ­тану объектілеріне;

– таза ауада қызмет көр­се­тетін қоғамдық тамақтану объек­тілерінің жазғы алаң­дарына санитарлық талаптарға сай жұмыс істеуге рұқсат бе­рі­леді.

Сонымен қатар 18 мамырдан бастап жалпы ғимарат көле­­мінің 30 пайызын ғана тол­­тырып, санитарлық норма­лар­ды сақтай отырып, діни ғибадат нысандары жұмысқа кіріседі.  

2020 жылғы 1 маусымнан бастап Мемлекеттік бас са­ни­­тар­лық дәрігердің талап­тары ес­ке­ріле отырып, кезең-кезеңмен ішкі темір жол қаты­насын жандандыру жоспарланып отыр. Билеттер 2020 жыл­ғы 15 мамырдан бастап сатыла бастайды.

Сонымен қатар шетелдегі Қазақстан азаматтарын елге қайтару мәселелері қаралды.

Отырыс қорытындысы бойын­ша Е.Тоғжанов бірнеше нақты тапсырма берді, деп хабарлады Үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Темір жол қатынасы ашылады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар