Қазақстан
1 мин оқу 200
Бүгін төрт қалада ауа сапасы нашарлайды
<p style="text-align: justify;">Синоптиктер Қазақстан қалаларындағы 14 мамыр күнгі ауа сапасы туралы ақпаратты жариялады.</p> <p style="text-align: justify;"> </p>

Атап айтқанда, ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайы төрт қалада – Атырау, Балқаш, Теміртау және Талдықорған қалаларында күтіледі.
Өзге шаһарларда метеоахуал қалыпты болады. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Бөлісу: