Аймақтар
1 мин оқу 253

Атырау: Үндістанның 3 азаматы коронавирус «қармағына» ілінді

<p style="text-align: justify;">Соңғы күндері Теңіз кенішінің жұмысшыларының қауіпті індетті жұқтыруы тоқтамай тұр. Өкінішке орай, бүгін &nbsp;тағы да&nbsp; 25 жұмысшыдан коронавирус инфекциясының белгісі анықталды. Олардың үшеуі &ndash; Үндістанның &nbsp;азаматы. &nbsp;</p>

Атырау: Үндістанның 3 азаматы коронавирус «қармағына» ілінді

Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік жедел штабтың мәліметінше, жұмысшылар тұрғылықты мекенжайына бара алдында арнайы тесттен өтіпті.  

-Қауіпті індет жұқтырған 25 науқастың бәрі – ер адам. Арасында Үндістанның 3 азаматы бар. Қазір науқастар инфекциялық стационарға жатқызылып, хаттамаға сәйкес ем қабылдауда. Індет ошағында дезинфекция жасалып жатыр. Науқастармен байланыста болған адамдар дәрігерлер бақылауына алынды, - деп ақпарат таратты өңірлік жедел штаб.

Бүгін Атырау облысында қауіпті індеттің «қармағына» ілінген адамдардың саны 457-ге жетіп отыр. Ал, 127 адам коронавирусты жеңіп шықты.

Бөлісу:
Атырау: Үндістанның 3 азаматы коронавирус «қармағына» ілінді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар