Аймақтар
1 мин оқу 186

Коуч форматында өткен вебинар

<p style="text-align: justify;">ZOOM платформасында &laquo;Жас буын ұстаздардың ішкі әлеуеті&raquo; тақырыбындағы онлайн-вебинарды &laquo;Өрлеу&raquo; БАҰО&raquo; АҚФ Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ тренері, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ақбота Қоңырова өткізді.</p>

Коуч форматында өткен вебинар

Жас ұстаздарға сенім білдіру, мотивациясын жоғарылату, өзіне деген сенімін арттыруды мақсат еткен онлайн-вебинар Алматы қаласының білім басқармасының қолдаумен Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының жанынан ашылған «Жас ұстаздар» қауымдастығының координаторы Светлана Шапкинаның ұсынысы негізінде ұйымдастырылды.

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ қоғаммен байланыс бөлімінің мәліметінше, тренер А.Қоңырова онлайн-вебинарды жоспарлау барысында «Жас ұстаздар» қауымдастығының өтініш-сұраныстарын негізге ала отырып коуч форматында жұмыс жүргізді. Алматы қаласы бойынша жас ұстаздар қатысқан онлайн-вебинарда жас мұғалімдердің жұмысында кездесіп отыратын ұстаздардың өздеріне деген сенімсіздігі, өз пікірлерін ашық білдіре алмауы, командалық жұмыс, көшбасшылық деген сұрақтардың төңірегінде мәселелер талқыланды.

Бөлісу:
Коуч форматында өткен вебинар · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар