Спорт
1 мин оқу 130

Феттель «Феррариден» кетеді

<p style="text-align: justify;">&laquo;Формула-1&raquo; жарысында бақ сынайтын &laquo;Феррари&raquo; командасы әлемнің төрт дүркін чемпионы Себастьян Феттельмен келісімшартын созбайтынын мәлімдеді. Тараптар жаңа келісімшарттың талаптарына келісе алмаған.&nbsp;</p>

Феттель «Феррариден» кетеді

32 жастағы Феттелдің келісімшарты осы маусымда аяқталады. Ол бір жылда «Фер­рари» командасынан 40 миллион еуро жа­лақы алатын. Бұған дейін F1-Insider порталы «Феррари» Феттелге екі жылға келісімшарт ұсынғанын жазған еді. Келісімшартта жалақы сомасы коронавирус пандемиясына байланыс­ты қазіргіден аз көрсетілген.

Феттель «Формула-1» жарысында 2007 жылдан бері бақ сынап келеді. Ол  «Ред Булл» командасы сапында әлемнің төрт дүр­кін чемпионы атанған (2010–2013). Неміс ав­тошабандозы «Феррариге» 2015 жы­лы ауысқан болатын.

Коронавирус індетіне байланысты «Фор­мула-1» бәсекесінің биылғы  маусымы әлі басталған жоқ. Бүгінге дейін Бахрейн, Вьет­нам, Қытай, Нидерланд, Әзербайжан және Канада гран-приі кейінге қалдырылды. Ал Аустралия, Монако, Испания және Фран­циядағы жарыстар өтпейтін болды.

Бөлісу:
Феттель «Феррариден» кетеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар