Қазақстан
1 мин оқу 302

30 мыңнан астам адамға сақтандыру қорынан төлемдер берілді

<p style="text-align: justify;">Жыл басынан бері жұмысынан айырылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі &ndash; МӘСҚ) әлеуметтік төлем алушылардың саны 30,5 мың адамды құрады, бұл ретте ағымдағы жылғы сәуір айында 3,2 мың азаматқа жәрдемақы тағайындалды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.</p>

30 мыңнан астам адамға сақтандыру қорынан төлемдер берілді

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылған қызметкерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айрылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алады. Төлем жоғалған кірістің 40%-ына дейінгі мөлшерінде МӘСҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Төлем тағайындау үшін жұмыстан босатылған қызметкерге:

-    Egov.kz порталында авторизациялану;

- «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөлімінде «Жұмыс іздеуші адамдарды  тіркеу» қызметін таңдау;

-   онлайн қызметке тапсырыс беріп, барлық алаңдарды толтырыңыз және оған ЭЦҚ-мен қол қойып, өтінімді жіберіңіз;

-   бір күн ішінде сіздің тұрғылықты жеріңіздегі халықты жұмыспен қамту орталығы (бұдан әрі – ХЖҚО) сізге бос жұмыс орындарын ұсынады;

- егер жұмыс табылмаса, 3 жұмыс күні ішінде сізге қашықтықтан жұмыссыз мәртебесі берілетін болады (қажет болған жағдайда қосымша ақпарат жинау үшін сізбен ХЖҚО қызметкері хабарласады);

Бөлісу:
30 мыңнан астам адамға сақтандыру қорынан төлемдер берілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар