Руханият
1 мин оқу 560
Елбасы кітапханасы IV «Абай оқуларын» бастайды
<p style="text-align: justify;">Елбасы кітапханасы қазақтың ұлы ақыны, композиторы, ағартушысы және ғұлама ойшылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған жыл сайынғы «Абай оқулары» әдеби эстафетасының басталғанын хабарлады.</p>

«Абай оқулары» жобасы Абайдың әдеби мұрасын кеңінен насихаттап, қазақстандық жастар арасында оқу мәдениетін және әдеби талғамды жасақтауды көздейді.
Әдеби эстафетаның шарттары:
- Абайдың шығармаларының бірін мәнерлеп оқып, бейнематериалға түсіру (қазақ, орыс, ағылшын және басқа тілдерде) және эстафетаны одан әрі жалғастыратын адамды белгілеу.
- Бейнематериалды Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінің біріне #ЕлбасыКітапханасыАбай, #АбайдыОқимыз175 немесе #БиблиотекаЕлбасыАбай, #читаемАбая175 хэштегтерімен жүктеу.
- Эстафета 2020 жылғы 14 мамыр мен 20 тамыз аралығында өтеді.
Әдеби эстафетаның қорытындысы бойынша мәнерлеп оқудан озық шыққан қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Бөлісу: