Қазақстан
1 мин оқу 140

Елжан Біртанов Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясына қатысады

<p style="text-align: justify;">18-19 мамырда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясы өтеді, оған Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Елжан Біртанов қатысады. Бұл туралы&nbsp;Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.</p>

Осындай аса маңызды әрі ықпалы зор халықаралық медициналық форумда қаралатын басты мәселе — коронавирусқа қарсы күрес және осы инфекцияға қарсы вакцина әзірлеу.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының қарсаңында әлемнің 140-тан астам көшбасшысы, сарапшылары мен аға буын ашық хатқа қол қойды, онда олар COVID-19 вакциналары, диагностикалық препараттары, тестілері мен емдеу тәсілдері кез-келген адамға және барлық жерде ақысыз қамтамасыз етілуіне кепілдік беруге шақырды.

Биыл 73-ші World Health Assembly конференциясы коронавирус пандемиясына байланысты виртуалды түрде өтеді.

Бөлісу:
Елжан Біртанов Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясына қатысады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар