Жаңалықтар
1 мин оқу 570

РЕСЕЙ ПРЕЗИДЕНТІМЕН СӨЙЛЕСТІ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.<!--more-->

Мемлекет басшылары Қазақстан-Ресей қарым-қатынастарының жай-күйін және даму келешегін, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығын бірлесіп атап өтуге және осы жылдың 8 мамырында Мәскеуде өтетін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының саммитіне дайындық барысын талқылады.

Әңгіме барысында Қазақстан мен Ресейдің ЕурАзЭҚ және ШЫҰ шеңберіндегі екіжақты өзара ықпалдастығының мәселелері де сөз болды.

Бөлісу: