Жаңалықтар
1 мин оқу 270

Пәкстанда зілзаладан 200 адам қаза тапты

24-09-13-pakstan

Пәкстанда 7,4 баллдық жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы РИА «Новости» агенттігі хабарлады.

Зілзала Пәкстанның Белужистан провинциясына қарасты Аваран қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 69 шақырым қашықтықта орын алған. Жер сілкінісінің ошағы 22,9 шақырым тереңдікте болған.

Бүгінге дейін жеткен мәліметке қарағанда, зілзаладан 200 адам көз жұмған. Оның 145-і Аваран қаласының, 55-і Мәшкай елді мекенінің тұрғындары. Бұған қоса, 400-ге жуық адам түрлі деңгейде жарақат алған. Сондай-ақ, Аваран қаласы маңындағы үйлердің 30 пайызы қираған. Белужистан провинциясының бас министрі Абдул Балодж аймаққа төтенше жағдай жариялады.

Жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек беруге шекарашылар мен әскерилер жұмылдырылды.

Жолдыбай Базар.

Бөлісу:
Пәкстанда зілзаладан 200 адам қаза тапты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар