Аймақтар
1 мин оқу 106
Алматыда «Гауһартас» тұрғын үй кешеніндегі өрт ауыздықталды
<p style="text-align: justify;">Алматының орталығында орналасқан «Гауһартас» тұрғын үй кешенінен шыққан өрт ауыздықталды.</p>

Қалалық Төтенше жағдай департаментінің хабарлауынша, Бостандық ауданы, Абай даңғылы, «Гауһартас» тұрғын кешенідегі 15 қабатты үйдің 11 қабатында орналасқан пәтерден өрт шыққан. Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаментінің мәліметі бойынша, өрт сөндірушілер оқиға орнынан тұрғындарды эвакуациялап жатыр. Адамдардың іште қалып қалмауы қадағалануда.
Көмекке қосымша техника келді. Апат орын алған кешеннен 55 адам эвакуацияланған. Оның ішінде 20 бала бар. Өртті ауыздықтау үшін қажетті техника жұмылдырылған.
Бөлісу: